Қазақстанда жолаушылар тасымалы 5,5%-ға артты
Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық көлік түрімен 979,4 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% артық. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5,1% өсіп, 45,3 млрд жолаушы-километрді құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы арнайы хабарлама жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, жолаушылар тасымалының негізгі үлесі дәстүрлі түрде автомобиль көлігіне тиесілі болды. Автомобиль көлігімен 962,7 млн жолаушы тасымалданды. Алты ай ішінде теміржол көлігінің қызметін 9,2 млн, әуе көлігін 7,4 млн, теңіз көлігін 14 мың жолаушы пайдаланған. Жолаушылар тасымалынан түскен кәсіпорындардың кірісі 0,8 млрд теңгені құрады.
«Жолаушылар айналымының ең жоғары өсімі Қостанай облысында тіркелді – 62,7%. Сондай-ақ айтарлықтай өсім Алматы қаласында – 22,3%, Ақмола облысында – 20,6% және Шымкент қаласында – 19,2%. Алматы облысында жолаушылар айналымы 15,8%, Қарағанды облысында – 14,2%, Жетісу облысында – 13,6%, Батыс Қазақстан облысында – 10% өсті. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында өсім 8,9%, Ақтөбе облысында – 4,6%, Абай облысында – 2,3%», – делінген бюро хабарламасында.
Жүк тасымалында да оң үрдіс сақталды. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша жүк айналымы өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2% артып, 255,8 млрд тонна-километрді құрады.
Жүк айналымының ең жоғары өсімі Жетісу облысында – 16,3% және Абай облысында – 12,2% тіркелді. Қызылорда облысында көрсеткіш 8,7%, Астана қаласында – 8,5%, Ақтөбе облысында – 6,9%, Түркістан облысында – 5,8%, Ақмола облысында – 4,9%, Ұлытау облысында – 4,6%, Шығыс Қазақстан облысында – 2,5% өсті. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында өсім 1,9%-дан, Алматы қаласында – 0,4%, Қостанай облысында – 0,2% болды.