Қазақстанда ЖОО-ға грантқа түсу үшін 127 мыңнан аса адам өтініш берді

Автор: Асыл Арман

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. 2025 жылы конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді.

«Соңғы бірнеше жыл бойы ең сұранысқа ие білім беру бағыттары бойынша талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Өтініштердің көпшілігі «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар және мұғалімдер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтіліп отыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері кіреді.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.