Қызылордада тұрғын үй пәтерінен өрт шығып, төрт ересек, екі бала құтқарылды

Автор: Аягөз Құрмаш

Зардап шеккендер жоқ

Фото: видеодан скриншот

112 пультіне Қызылорда қаласының Бейбарыс көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру алғашқы бөлімшелері екінші қабаттағы пәтердің балконы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Өрт сөндірушілер бірден өртті сөндіру және тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына кірісті. ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Өрт жедел түрде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.