АҚШ-та әскери ардагер Нью-Йорктегі үкімет ғимаратын өртеп жібермек болды

Әскери ардагер қолға түсті

АҚШ-та әскери ардагер Нью-Йорктегі үкімет ғимаратын өртеп жібермек болды
Фото: Ron Adar/Global Look Press

Нью-Йоркте үкіметтік кешенді өртеуге тырысқан ер адам ұсталды. Бұл ғимаратта ФБР офисі, иммиграциялық қызмет және федералды соттар орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 43 жастағы әскери қызмет ардагері ғимарат жанына бензин төгіп, өрт қойған және пиротехникалық пакеттерді шашып жіберген. Ол сондай-ақ пневматикалық тапаншамен өтіп бара жатқан адамдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсеткен.

Күдікті жедел түрде ұсталып, тергеу тобына тапсырылды. Ұсталған азамат АҚШ армиясының ардагері және Покипси қаласының тұрғыны екені анықталды.

Бұған дейін Майамиде Ұлыбританияның сұрауы бойынша адам саудасы үшін айыпталған Эндрю мен Тристан Тейт ұсталғаны хабарланған болатын. Лондон оларды экстрадициялауды талап етіп отыр. Ұлыбританияда Эндрю мен Тристан Тейтке зорлау және адам саудасы бойынша айып тағылған. Румыния тергеуінің нұсқасы бойынша, 2015 жылы ағайындылар бойжеткендерді видеочаттарда жұмыс істеуге тартумен айналысқан қылмыстық топ құрған.