ШҚО-да кәсіпорын 49 жұмысшының жалақысын төлемей келген – іске прокуратура араласты
Құзырлы орган тексерісінен кейін кәсіпкер 27,8 миллион теңгеден астам қарызды толық көлемде өтеді
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында 49 қызметкерге төленбей келген 27,8 миллион теңгеден астам жалақы қарызы толық өтелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аудан прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау барысында «АлтайКомхозСервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында еңбек заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтаған.
Белгілі болғандай, кәсіпорын өз қызметкерлерінің еңбекақысын уақытында төлемей, соның салдарынан 49 адамның алдында қомақты жалақы қарызы жиналған.
Прокуратураның қадағалау актісінен кейін жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, 27,8 миллион теңгеден астам жалақы қарызы толық көлемде өтелді.
Прокуратура еңбек құқықтарын қорғау мәселесі қадағалау органдарының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.