Қазақстанда алдағы күндері ауа райы 42 градусқа дейін ысиды

Автор: Асыл Арман

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

«Қазгидромет» РМК 21-23 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

«Жауын-шашынмен ыстық біртіндеп бәсеңдейді: күндіз ауа температурасы Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында +20+30°С, республиканың орталығы мен шығысында +22+35°С, тіпті оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде термометрлердің бағандары +27+35°С белгісіне дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында Ираннан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты +30+42°С жоғары температуралар сақталады», - делінген ауа райы болжамында.