20.07.2026, 13:50
Жаңалықтар
«Бананнан» құлаған: Қапшағайда жас жігіт қолын шығарып алып, суға батып кете жаздады (ВИДЕО)
Демалушы су аттракционында сырғанап жүргенде суға құлап, қолын шығарып алған
Фото: скриншот
Алматы облысының Қонаев қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қапшағай су қоймасында суға құлаған 23 жастағы жігітті құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында болған. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері патрульдеу кезінде «банан» үлгісіндегі үрлемелі су аттракционынан құлап кеткен жігітке көмекке келген.
Белгілі болғандай, демалушы су аттракционында сырғанап жүргенде суға құлап, қолын шығарып алған. Жарақатына байланысты ол өздігінен жағаға жете алмаған.
Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді. Кейін ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды