Елімізде қымыз өндірісі айтарлықтай артты, ал шұбатқа сұраныс әлі де төмен

Қымыз өндірісі артса да, баға арзандамаған

Елімізде қымыз өндірісі айтарлықтай артты, ал шұбатқа сұраныс әлі де төмен
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Жаздың аптап ыстығында елде ұлттық сусындарға сұраныс артқанымен, олардың өндірісі екі түрлі бағыт көрсетіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еnergyprom.kz мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 5 айында (қаңтар–мамыр) елде 683 тонна қымыз өндірілді. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 47,2%-ға көп.

Ал түйе сүтінен дайындалатын шұбат керісінше 12,9%-ға азайып, өндіріс көлемі 432 тоннаға бірақ түскен. Тіпті соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің біріне айналып отыр.

Өндірістің өскеніне қарамастан, қымыздың бағасы тоқтар емес. Маусым айындағы есеп бойынша, қымыздың жылдық қымбаттауы 14,2%-ға жеткен (былтыр бұл өсім 8,5% еді).

Баға қай өңірде өсті:

  • Ақмола облысы — баға бірден 30,5%-ға қымбаттады;
  • Солтүстік Қазақстан — +27,4%;
  • Жетісу облысы — +24,2%.

Ал Қарағанды мен Абай облыстарында баға өсімі ең төменгі деңгейде тіркелді бар болғаны 6,3%.

Осылайша, қымыз өндірісі өткен жылдардағы құлдыраудан кейін қайта жанданып, бағасы өсіп жатса, шұбат нарығы әлі де болса тоқыраудан шыға алмай келеді.

 

 

 

Мақалада
#Қымыз #Шұбат #баға