Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды
Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Р1 көшесінің қиылысы екі күнге жартылай жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы аталған учаскеде жол жабынын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Осыған байланысты 19 және 20 шілде күндері аталған қиылыста қозғалыс ішінара шектеледі.
Қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес берді.
Қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықты барынша азайту мақсатында жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.