20 шілдеде Қазақстан қалаларында күн райы қандай болады

Солтүстік пен батыста жаңбыр жауса, оңтүстікте ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі

20 шілдеде Қазақстан қалаларында күн райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

20 шілдеде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +24...+26, күндіз +40...+42 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +27...+29, күндіз +41...+43 градус.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +26...+28 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +28...+30 градус.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +24...+26, күндіз +40...+42 градус.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +23...+25 градус.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +35...+37 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +23...+25 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +34...+36 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +40...+42 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +24...+26, күндіз +40...+42 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +25...+27, күндіз +40...+42 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +27...+29 градус.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +34...+36 градус.