18 шілдеде бірнеше өңірде күн +48 градусқа дейін ысиды

Автор: Алмас Ерсін

Еліміздің басым бөлігінде құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады, ал солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледіі

Фото: © istockphoto.com

Қазақстанның басым бөлігінде 18 шілдеде ыстық әрі негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +48 градусқа дейін көтеріледі. Тек солтүстік, батыс және шығыс өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +24...+26 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +22...+24, күндіз +30...+32 градус.

Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +24...+26, күндіз +40...+42 градус.

Астанада жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Түнде +17...+19, күндіз +34...+36 градус.

Атырауда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +19...+21, күндіз +28...+30 градус.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз. Түнде +20...+22, күндіз +36...+38 градус.

Қарағандыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

Көкшетауда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Қонаевта жауын-шашынсыз. Түнде +23...+25, күндіз +41...+43 градус.

Қостанайда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде +17...+19, күндіз +27...+29 градус.

Қызылордада жауын-шашынсыз. Түнде +27...+29, күндіз +45...+47 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, найзағай күтіледі, күндіз жел күшейеді. Түнде +20...+22, күндіз +34...+36 градус.

Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +16...+18, күндіз +28...+30 градус.

Семейде жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Түнде +19...+21, күндіз +35...+37 градус.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз. Түнде +19...+21, күндіз +40...+42 градус.

Таразда жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Түнде +23...+25, күндіз +43...+45 градус.

Түркістанда жауын-шашынсыз. Түнде +28...+30, күндіз +46...+48 градус.

Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. Түнде +14...+16, күндіз +24...+26 градус.

Өскеменде таңертең және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.

Шымкентте жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Түнде +25...+27, күндіз +45...+47 градус.