Жол апатына қатысты тергеу басталды
Түркістан облысында жеңіл көліктердің бетпе-бет соқтығысуынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Шаян – Екпінді автожолында болған. Toyota Camry мен Volkswagen Passat көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан екі көліктегі жеті адам оқиға орнында көз жұмды.
Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына сай таңдауға және рөлде барынша мұқият болуға шақырды.