Қостанай облысында ондаған сиырдан қауіпті инфекция анықталды

Автор: Алмас Ерсін

Ауру ошағына байланысты шектеу шаралары енгізіліп, ветеринарлар малды жаппай тексеруге кірісті

Фото: © istockphoto.com

Қостанай облысында бруцеллез анықталған 23 сиыр санитарлық союға жіберілді. Ауру бір ауылдық округтен тіркелгендіктен, ветеринарлар аталған аумақта шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

КТК телеарнасының мәліметінше, Қазанбас ауылдық округінде малды әкелуге және әкетуге уақытша тыйым салынған. Сондай-ақ тұрғындарға әзірге шөп, сабан, ет және сүт өнімдерін сатуға рұқсат жоқ.

Ветеринарлар тексерген 323 бас малдың 23-інен бруцеллез анықталған. Ауру жұқтырған мал дереу санитарлық жоюға жіберілді.

Қазіргі уақытта адамдар арасында жаңа жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда жыл басынан бері екі адам бруцеллезбен ауырған. Соған қарамастан, жауапты органдар өңірдегі эпизоотиялық ахуал бақылауда екенін және былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда төмен екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта инфекция ошағын толық жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында кешенді сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық дәрігері Саян Жансұлтанов.