Аптап ыстық, нөсер: 17 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік пен батыста жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады

Аптап ыстық, нөсер: 17 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: © istockphoto.com

17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, оңтүстігінде аптап ыстық +47 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Петропавлда күн ала бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +26...+28 градус болады.

Қостанайда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні күшейеді. Түнде +16...+18, күндіз +28...+30 градус.

Көкшетауда да күн ала бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде +16...+18, күндіз +26...+28 градус.

Павлодарда күн ала бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел екпіні күшейеді. Түнде +19...+21, күндіз +32...+34 градус.

Қарағандыда күн ала бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз күн ала бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +20...+22, күндіз +36...+38 градус.

Өскеменде күн ала бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Жел күшейеді. Түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.

Семейде күн ала бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні күшейеді. Түнде +21...+23, күндіз +35...+37 градус.

Оралда күн ала бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Жел күшейеді. Түнде +15...+17, күндіз +24...+26 градус.

Атырауда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Түнде +23...+25, күндіз +32...+34 градус.

Ақтөбеде күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді. Түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Ақтауда күн ала бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +23...+25, күндіз +29...+31 градус.

Таразда жауын-шашынсыз күн ала бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +21...+23, күндіз +40...+42 градус.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде +23...+25, күндіз +45...+47 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Түркістанда да жауын-шашынсыз күн ала бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +26...+28, күндіз +45...+47 градус.

Қызылордада жауын-шашын күтілмейді. Түнде +27...+29, күндіз +45...+47 градус.

Қонаевта жауын-шашынсыз күн ала бұлтты болады. Түнде +22...+24, күндіз +40...+42 градус.

Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Түнде +19...+21, күндіз +37...+39 градус.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +23...+25, күндіз +40...+42 градус.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +17...+19, күндіз +32...+34 градус.