Құны 528 млн теңге: прокурорлар Қостанай облысындағы үлкен жайылым жерді мемлекетке қайтарды

Автор: Асқарова Қарлығаш

Тексеру нәтижесінде аталған жер телімдерінде мал жаюға немесе мал азығын дайындауға қажетті мал басының болмағаны белгілі болды

Фото: istockphoto.com

 Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жалпы кадастрлық құны 582 миллион теңге болатын  жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қадағалау барысында Алешин және Буденный ауылдық округтеріндегі екі ауыл шаруашылығы кәсіпорнына берілген жайылым жерлердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған.

Тексеру нәтижесінде аталған жер телімдерінде мал жаюға немесе мал азығын дайындауға қажетті мал басының болмағаны белгілі болды. Бұл Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен «Жайылымдар туралы» заң талаптарының бұзылуы болып саналады.

Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жер учаскелерін жалға алу шарттары бұзылып, жалпы аумағы 175 гектар болатын пайдаланылмай жатқан жайылымдар мемлекет меншігіне қайтарылды. Прокуратура жер қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуы алдағы уақытта да ерекше бақылауда болатынын мәлімдеді.