Қазақстанда скринингтен өткен 15 мың адам жүрегінде ақау бар екенін білген

Автор: Бақыт Шынар

Тағы 114 мың адам қан айналым жүйесінде аурулары бар екенін білген

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Былтыр Қазақстан бойынша 1,7 млн адам артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға бағытталған скрининг өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы скрининг кезінде 114 мыңнан астам азаматтың қанайналым жүйесіндегі аурулары ерте анықталған.

«Анықталған жағдайлардың ішінде 99 мың пациентке (87%) артериялық гипертония, ал 15 мың пациентке (13%) жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылған», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жүрек-қантамыр аурулары бар шамамен 1,9 миллион пациент динамикалық бақылауда тұр.