Олар Қазақстан қоржынына бес алтын медаль сыйлады
Колумбияда өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO-2026) бес алтын медаль жеңіп алып, тарихи рекорд орнатқан ұлттық құраманы Алматы халықаралық әуежайында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы қарсы алды. Министр әлемдік додада үздік нәтижеге жеткен жеңімпаздар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетсек, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған дарынды оқушылар:
Елге олармен бірге ұлттық құраманы дайындаған жетекші Гүлия Нұрбақова және команда жетекшілері Самат Мақсұтов пен Әлішер Еркебаев та оралды.
Биылғы Халықаралық физика олимпиадасы 4–12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен болатын. Білім додасына әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысқан. Осындай мықты бәсекеде Қазақстан құрамасының бес алтын медаль жеңіп алуы – еліміздің олимпиадалар тарихындағы бұрын-соңды болмаған нәтиже.
Министрліктің мәліметінше, бұл жеңіс қазақстандық оқушылардың білім деңгейі мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, дарынды жастарды қолдау және елдің зияткерлік әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстың нақты нәтижесін көрсетті.
Еске сала кетейік, Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) – мектеп оқушылары арасында өтетін әлемдегі ең беделді пәндік жарыстардың бірі саналады. Онда жеңіске жету – жеке оқушы үшін ғана емес, тұтас елдің білім беру жүйесінің деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіш.