Шетел азаматының 38 жаста екені анықталды
Астанадағы Ботаникалық бақта куәгерлер ағаштардың арасында дәрет сындырған ер адамды видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға куәгерінің айтуынша, ол тәртіп бұзушыға ескерту жасап, полиция шақыратынын айтқан. Ал ер адам дереу қашып кетпек болған.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушы ұсталды. Оның 38 жастағы шетел азаматы екені анықталған.
Сот оны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы жаза тағайындады.
Қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеуге әрекеттенген 38 жастағы шетел азаматы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
«Келушілердің көзінше ер адам көгалдың үстіне дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға ашық түрде құрметсіздік танытқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел келіп, құқыққа қайшы әрекетті тоқтатып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал рәсімдеді. Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады. Полиция қоғамдық орындар азаматтардың тынығып, уақыт өткізетін жері екенін, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салады. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық әдеп нормаларын бұзатын кез келген әрекетке заң аясында қағидатты құқықтық баға беріледі», – делінген қалалық ПД хабарламасында.