Қазақстан өңірлерінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылады, сондай-ақ төсек-орындар саны қысқарады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 провизорлық стационар және 1 инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1 070 төсек-орын, сондай-ақ 6 провизорлық стационарда (855 орынға) төсек-орын саны қысқарды.
Жабылған аймақтар бойынша:
- Ақтөбе облысы - БҚММУ жатақханасы (300 төсек-орын);
- Атырау облысы - Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы (30 төсек), Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 төсек), Атырау облыстық ауруханасы (200 төсек);
- Қарағанды облысы - облыстық кардиоорталық жанындағы «Турист» қонақүйі (100 төсек), облыстық Психикалық денсаулық орталығы жанындағы ҚарМТУ жатақханасы (100 төсек);
- Нұр-Сұлтан қаласы - Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 төсек-орны бар инфекциялық стационар);
- Шымкент қаласы - Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 төсек-орын).
Төсек-орын санын қысқарту бойынша:
- Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 төсек), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 төсек), Бейнеу ауруханасы (30 төсек), Түпқараған аудандық ауруханасы (25 төсек-орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 төсек-орын);
- Павлодар облысы – «Мойылды» шипажайы базасындағы Сұлтанов атындағы госпиталь (500 төсек-орын).
Қалған облыстардағы және Алматы қаласындағы провизор орталықтарын жабу немесе төсек-орын санын қысқарту осы жылдың 2 тамызынан бастап жоспарлануда.