«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілер үшін ақылы жолдармен жүруге арналған айлық және жылдық абонементінің құнын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компания мәліметінше, ол үшін көлік құралы ақылы жолдар учаскесіне іргелес аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс.
Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.
Абонементтердің құны:
1. Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн):
- жеңіл көліктерге қарастырылмаған;
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 2 АЕК (8 650 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 1 АЕК (4 325 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 4 АЕК (17 300 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 2 АЕК (8 650 теңге);
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 6 АЕК (25 950 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 3 АЕК (12 975 теңге);
- жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, бірақ 15 тоннадан аспайтын жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 8 АЕК (34 600 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 4 АЕК (17 300 теңге);
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 10 АЕК (43 250 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 5 АЕК (21 625 теңге).
2. Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):
- жеңіл көліктер үшін – 1 АЕК (4 325 теңге);
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 20 АЕК (86 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 12 АЕК (51 900 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 40 АЕК (173 000 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 24 АЕК (103 800 теңге);
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 60 АЕК (259 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 36 АЕК (155 700 теңге);
- жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, бірақ 15 тоннадан аспайтын жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 80 АЕК (346 000 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 48 АЕК (207 600 теңге);
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 100 АЕК (432 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 60 АЕК (259 500 теңге).
Абонементті рәсімдеу жолдары:
1. 1403 байланыс орталығы арқылы
- таңдаған абонементтің құнына сәйкес көлік құралының нөміріне қаражат салып, қызметті қосу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.
2. Кaztoll.kz сайты арқылы
- Кaztoll.kz сайтына тіркелу;
- Көлік құралыңыз туралы деректерді толтыру;
- «Абонементті рәсімдеу» бөліміне өтіп, өзіңізге қажетті абонементтің түрін таңдау (айлық, жылдық).
3. Ақы төлеу пункттері (АТП) немесе клиенттермен жұмыс істеу орталықтары арқылы (КЖО)
- АТП немесе КЖО операторларына хабарласу
- Абонементті өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеу (карта, ақшалай немесе интернет-банкинг арқылы).