Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
Циклонның ықпалымен солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде ауа райы күрт ыситыны жөнінде болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
15-16 шілдеде еліміздің жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің екпіні күшейіп, дауылды құбылыстар күтіледі.
«Циклонның ықпалымен солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді. Күндізгі уақытта ауа температурасы +25…+30°С шамасында болады. Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне Өзбекстан аумағынан құрғақ ауа массаларының келуі жалғасады. Осыған байланысты бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы оңтүстікте +40…+45°С, шығыста +33…+38°С дейін көтеріледі», – делінген синоптиктердің болжамында.