Сот үкімімен 6 адам сотталды
СҚО-да атышулы «КыздарНет» сайты арқылы трансұлттық сутенерлік желіні басқарған қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл наурыз айында Петропавл қаласының прокуратурасы тыйым салынған «КыздарНет» сайтында интимдік қызметтерді насихаттауға және жарнамалауға қатысқан трансұлттық ұйымдастырылған топтың 6 қатысушысына айып тақты.
Топтың заңсыз қызметі белгіленген тарифтер бойынша ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін тұлғалардың сауалнамаларын ілгерілетуге негізделген.
«2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «KыздарНет» сайты арқылы сутенерлікпен айналысуға көмектесу және қолдау көрсеткені үшін Республикадағы алғашқы үкім шығарды. Барлық қатысушы кінәлі деп танылды, трансұлттық ұйымдастырылған топтың басшысын 10 жылға, оның қатысушыларының әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.