Ұша алмай қалған жапалақ бірнеше күн бұрын табылды
Өскеменде белсенді тұрғындар жарақат алған жапалақты емдеп, қайтадан еркіндікке жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.
Жабайы құсты құтқару оқиғасы туралы жануарларды қорғаушылар әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Бірнеше күн бұрын еріктілер көшеден қанаты жарақаттанып, ұша алмай қалған жапалақтың табылғанын хабарлаған.
«Мейірімді жандардың көмегімен құсты емдеп шықтық. Денсаулығы қалпына келген соң оны табиғи мекеніне қайта ұшырып жібердік. Осы жабайы құсты құтқаруға атсалысқан барша жанға зор алғысымызды білдіреміз», – деп жазды жануарларды қорғаушылар.