Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның 2023 жылы болғаны анықталды

Фото: Видеодан скрин

Абай облысында Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы жуырда әлеуметтік желіде жарияланды

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген тексеру барысында әлеуметтік желіде жарияланған оқиғаның 2023 жылы болғаны анықталды.

«Тексеру нәтижесінде жанжалға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталды. Қарау қорытындысы бойынша тараптардың бір-біріне қоятын талап-шағымы жоқ екені белгілі болды және олар жазбаша арыз беруден бас тартты», – делінген хабарламада.