9 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады

Автор: Алмас Ерсін

Елдің оңтүстігінде аптап ыстық сақталса, бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, 9 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +32…+34 градус болады.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.

Павлодарда да құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +15…+17, күндіз +28…+30 градус болады.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +27…+29 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +35…+37 градусқа дейін ыстық болады. Түнде +22…+24 градус күтіледі.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +29…+31 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Түнде +16…+18, күндіз +28…+30 градус.

Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус.

Атырауда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін. Түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.

Ақтөбеде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +31…+33 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Түнде +22…+24, күндіз +29…+31 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +35…+37 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +39…+41 градус.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +25…+27, күндіз +39…+41 градус болады.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +31…+33 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +37…+39 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +17…+19, күндіз +32…+34 градус болады.