Олардың қатарында топырақты қорғау туралы заң, жер қатынастары мен агроөнеркәсіптік кешенге қатысты түзетулер, сондай-ақ Алатау қаласын дамыту жөніндегі жарлыққа енгізілген өзгерістер бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды заңдар мен жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Атап айтқанда, Президент «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы қол қойған заңның қатарында «Топырақты қорғау туралы» заң да бар.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.