Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: Ақорда

Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.