ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды

Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен оның өкілеттігі тоқтатылды

ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
Фото: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен оның өкілеттігі тоқтатылды.

«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», – делінген ресми хабарламада.

Әзірге ҚТЖ-ның жаңа басшысы кім болатыны белгісіз.

Талғат Алдыбергенов Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі (Ресей), экономика ғылымдарының кандидаты.

  • 1992-1998 жылдары-Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмыс: тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
  • 1998-2007 жылдары – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ «Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы»  РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, «Қазтранссервис» МКД директоры, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
  • 2008-2019 жылдары – «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС бас директоры, «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы. 
  • 2024 жылдан – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.