«Қоқан-лоқы дәуірі аяқталды»: Иран АҚШ-қа қатаң ескерту жасады

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл туралы ол өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды

Фото: istockphoto.com

Иран Мәжілісінің спикері Мохаммад Багер Галибаф АҚШ-ты Исламабад өзара түсіністік меморандумының шарттарын өрескел бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Негізгі бұзушылықтардың қатарына Иран кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне кедергі жасау, әскери соққыларды қайта бастау туралы тұрақты қоқан-лоқылар, мұнай санкцияларының қайта енгізілуі, Израильдің Ливанға қарсы агрессиясының жалғасуы және Иранның оңтүстігіне жасалған соққылар кірді.

Галибаф «қоқан-лоқы мен бопсалау дәуірі аяқталғанын» және республиканы бопсалау әрекеттерінен ештеңе шықпайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы Ислам Республикасының Ормуз бұғазындағы үш кемеге жасаған шабуылдарына жауап ретінде Иранға бірқатар қуатты соққылар берілгенін хабарлаған болатын.