Өзен шаянының жалпы салмағы – 36,8 келі
БҚО-да ер адамның көлігінен үш қап өзен шаяны табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында күдік тудырған ВАЗ автокөлігі тоқтатылып, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде автокөліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 36,8 келі болатын 3 қап өзен шаяны табылып, тәркіленді.
«Аталған факті бойынша 37 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ПД хабарламасында.