Көлік қозғалысы таңғы сағат 06:00–07:00 аралығында қайта іске қосылады
Астанада 6 шілде күні таңертең Қалдаяқов көшесінің Нұрмағамбетов көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігі көлік қозғалысына қайта ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта бұл учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жол қызметкерлері жолдың жүріс бөлігін санитарлық тазалап, құрылыс қалдықтарын шығарып жатыр.
Қала әкімдігі жүргізушілерден жөндеу жүргізілген учаске бойында тұрған көліктерін алып қоюды сұрады. Бұл көшені толықтай ашуға мүмкіндік береді.
Аталған учаскеде көлік қозғалысын 6 шілде күні таңғы сағат 06:00 мен 07:00 аралығында қалпына келтіру жоспарланып отыр.