Үш айда ауруханаларда 150 мыңнан астам адам коронавирус пен пневмониядан емделген

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың емі үшін жұмыс істейтін стационар мен провизорлық стационарда қор тарапынан жұмсалатын қаражат көлемі де айтылды

Фото: ашық дерек көздерінен

Наурыз-маусым айларында Қазақстандағы әртүрлі ауруханаларда барлығы 150 мыңнан астам адам коронавирус пен пневмониядан ем алып шыққан. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Болат Төкежанов олардың емі үшін стационарларға қордан қанша қаражат жұмсалғанын хабарлады.

«Қор провизорлық стационарда бір төсек-орынның бір күні үшін 22 мың теңге, тәулік бойғы стационарлардағы бір төсектің бір күні үшін 32 мың теңге, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне түскен адамның бір күні 70 мың теңгеден астам қаражат өндіріп береді», - деп хабарлады Төкежанов.

Айта кетейік, Төкежанов брифинг кезінде керексіз шығындарды қысқартып, 1 млрд теңге үнемдегенін хабарлаған болатын.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан