Бұршақ, найзағай,+36 градус: 5 шілдеде ауа райы құбылмалы болады

Автор: Алмас Ерсін

Синоптиктер бірнеше өңірге дауылды ескерту жариялап, ауа райының күрт құбылатынын болжады

Фото: © istockphoto.com

5 шілдеде Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Ал елдің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпінді болады. Күндіз +28...+30, түнде +15...+17 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты болады. Түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз +28...+30, түнде +17...+19 градус.

Шымкентте жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз +33...+35, түнде +16...+18 градус.

Петропавлда бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +22...+24, түнде +15...+17 градус.

Қостанайда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +28...+30, түнде +15...+17 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25...+27, түнде +15...+17 градус.

Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз +25...+27, түнде +20...+22 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз +23...+25, түнде +13...+15 градус.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз +30...+32, түнде +17...+19 градус.

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +22...+24, түнде +18...+20 градус.

Семейде бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз +27...+29, түнде +20...+22 градус.

Оралда жауын-шашынсыз. Күндіз +32...+34, түнде +20...+22 градус.

Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +32...+34, түнде +22...+24 градус.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз +30...+32, түнде +17...+19 градус.

Ақтауда жауын-шашын болмайды. Күндіз +33...+35, түнде +22...+24 градус.

Таразда жауын-шашынсыз. Күндіз +31...+33, түнде +17...+19 градус.

Түркістанда аптап ыстық сақталады. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +34...+36, түнде +18...+20 градус.

Қызылордада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз +32...+34, түнде +19...+21 градус.

Қонаевта түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз +30...+32, түнде +15...+18 градус.

Талдықорғанда түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз +28...+30, түнде +15...+17 градус.