Синоптиктердің болжамынша, елдің батысы, орталығы мен шығысында ауа температурасы 35–39 градусқа дейін көтеріледі
5 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, елдің бірнеше аймағында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен тұман күтіледі. Ал батыс өңірлерде ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Сонымен қатар бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада 5 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Алматыда түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Батыс және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың орталығында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні облыстың оңтүстік-шығысында 15 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстікте жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысында түнде жаңбыр мен найзағай болады. Оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Күндіз де осы аудандарда жаңбыр, найзағай, қатты жауын және бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі, тауда кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Күндіз таулы өңірлерде жаңбыр жалғасады. Тауда түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні шығыста және таулы аудандарда 15–20 м/с, Алакөл маңында 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 38–39 градусқа дейін көтеріледі.
Ақмола облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болуы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде шығысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады. Солтүстікте түнде тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары, солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Оңтүстік-батысында ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с және 35 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Батысы мен шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Батысы мен оңтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанып отыр. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының орталығында төтенше, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.