Тараз маңында жер сілкінісі тіркелді

Автор: Алмас Ерсін

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 413 шақырым жерде орналасқан, зардап шеккендер мен қираулар жоқ

Фото: © istockphoto.com

4 шілде күні Астана уақытымен сағат 04:40-та Тараз қаласы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тараз қаласында жер сілкінісінің сезілуі – 2 балл болды», – делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.