Бірқатар өңірде қатты ыстық сақталса, кей аймақтарда нөсер, бұршақ пен екпінді жел болады
4 шілдеде Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Күндіз Атырау облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістанда таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысы мен солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында тұман күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында түнде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ болады. Түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорғанда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскеменде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр, найзағай болады, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қонаевта күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с жетеді.
Іле Алатауының таулы бөлігінде (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с жетеді.
Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Таразда кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз бұршақ пен дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанайда жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Көкшетауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.