СҚО-да 13 жасар қыз балаға жасалған арсыз әрекет: полиция мәлімдеме жасады

Автор: Асыл Арман

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

Фото: istockphoto.com

СҚО-ның Айыртау ауданында 40 жастағы ер адамның 13 жасар қыз балаға жасалған әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген мәліметінде қылмыс жасады деген күдікпен Айыртау ауданының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, СҚО-да еңгезердей еркек 13 жасар қыз баланы қинап ұстап, зорлағаны туралы хабарланған.