BMX-фристайл – Олимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енетін беделді спорттық дисциплиналардың бірі
10 шілдеде Қытайдың Цзыгун қаласында BMX-фристайлдан Азия чемпионаты жалауын көтереді. Сарлық құрлықтың үздіктері бақ сынайтын бұл додаға Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дүбірлі жарыста ел намысын Дмитрий Захаров пен Әлихан Можанов қорғайтын болады. Спортшылар байрақты бәсекеде жоғары нәтиже көрсету үшін барын салады.
Айта кетейік, BMX-фристайл Олимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енетін беделді спорттық дисциплиналардың бірі болып саналады. Азия чемпионаты 12 шілдеде мәресіне жетеді.