Ол өнімдер қауіпті деп танылды
Жамбыл облысындағы шекара бекетінде карантиндік зиянкестермен залалданған жеміс-жидектерді елімізге кіргізу әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қауіпті өнімдер «Қордай» автомобиль өткізу бекетінде жүргізілген фитосанитариялық бақылау кезінде анықталды. Қырғыз Республикасынан келген жүк көліктерін тексеру барысында мынадай ерекше қауіпті карантиндік нысандар табылды:
Мамандардың айтуынша, бұл зиянкестер отандық ауыл шаруашылығына, әсіресе бау-бақша кәсіпкерлігіне орасан зор қауіп төндіреді. Егер олар ел аумағына таралып кетсе, жеміс дақылдарын жаппай зақымдап, үлкен шығынға әкелуі мүмкін еді.
Фитосанитариялық инспекцияның шешімімен залалданған 2 тоннадан астам өнім қауіпті деп танылып, Қырғызстанға кері қайтарылды. Ал тауарды тасымалдаған құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарада фитосанитариялық бақылау шаралары күшейтілген режимде жалғасып жатыр.