03.07.2026, 09:29
Жаңалықтар
Өскеменде жолда кетіп бара жатқан жеңіл көлік түгі қалмай өртеніп кетті (ВИДЕО)
Өрттен зардап шеккендер жоқ
Өскемен қаласында Есенберлин даңғылы бойындағы Меновное кенті бағытына қарай өтетін айналма жолда жеңіл көлік түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел жеткен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері өртті жылдам сөндірді. Өрттің жалпы аумағы 4 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД еске салады: көліктен түтін шығып немесе күйік иісі сезілген жағдайда дереу тоқтап, қозғалтқышты өшіріп, көліктен шығып, 112 нөмірі арқылы төтенше жағдайлар қызметіне хабарласу қажет.
Көп оқылған
12.07.2026, 06:26
2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы өлі күйінде табылды
12.07.2026, 07:29
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
12.07.2026, 10:02
Синоптиктер үш қала тұрғындарына ауа сапасына байланысты ескерту жасады
12.07.2026, 15:48
Ақтаудағы қалың тұман салдарынан ұшақтар Атырау әуежайына қонды
12.07.2026, 11:15
Астанадан Дубайға ұшқан ұшақ әуеде кері бұрылып, Қазақстанға қайтарылды