Саяси кеңестердің құрамына 808 адам енді
«Әділет» партиясы облыстық филиалдарының басшылық құрамын толықтай жасақтады. Қазақстанның барлық өңірінде өткен конференциялардың қорытындысы бойынша филиал төрағалары, Саяси кеңестердің мүшелері және Тексеру комиссияларының құрамы сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар қатысушылар партияның өңірлік филиалдарының басшылық органдарын жасақтау мәселесін талқылады.
Дауыс беру нәтижесінде партияның барлық өңірлік филиалдарының басшылық құрамы толық бекітілді.
Облыстық филиалдардың төрағалары:
Саяси кеңестердің құрамына 808 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес өкілдері – 22,8%, білім және ғылым саласының мамандары – 13%, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ өкілдері – 10,2%, мәдениет және спорт саласының өкілдері – 8,9%, өнеркәсіп саласының мамандары – 7,5%, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының өкілдері – 6,7%, денсаулық сақтау қызметкерлері – 5,6%, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – 5,4%.
Тексеру комиссияларының құрамына 100 адам сайланды. Олардың басым бөлігі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және құқық салаларында тәжірибесі бар мамандар.
Осылайша, «Әділет» партиясының өңірлік филиалдарын құруды ұйымдастыру кезеңі толық аяқталды. Енді филиалдар өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партия бастамаларын іске асыруға және жергілікті бөлімшелердің қызметін дамытуға кіріседі.