Бесағашта жемқорлардан қайтарылған қаражатқа ауыз су жүйесі салынды

Автор: Асыл Арман

Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы облысында Талғар ауданының Бесағаш ауылында жемқорлардан қайтарылған ақшаға су құбыры желілерінің құрылысы салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны іске асыру нәтижесінде халық орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізіп, бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Құрылыс-монтаж жұмыстары толық көлемде аяқталып, нысан пайдалануға берілді», – делінген хабарламада.