Каспий акваториясында браконьерлікке қатысты 27 іс анықталды
ҰҚК Шекара қызметі маусым айындағы ауқымды операциялардың қорытындысын жариялады. Тек бір айдың ішінде ел шекарасында 4 400-ден астам шетелдік қолға түсіп, миллиардтаған теңгенің валютасы мен тонналаған жанар-жағармайды заңсыз өткізбек болған мыңнан астам фактінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 5 281 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, оның ішінде 4 493-і – шетел азаматы.
4,3 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 476 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
«Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 27 фактісінің алды алынды, 24,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 94 дана (658 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 285 млн теңгеден астамды құрады. Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 50 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 36 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 3526 әкімшілік іс өндірісте. Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», – делінген ҰҚК хабарламасында.