Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.