Көкшетауда көпқабатты үйден өрт шығып, кейуана оттың ортасында қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Көкшетауда өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері қарт әйелді құтқарды

Фото: Видеодан скрин

Көкшетауда көпқабатты үйден өрт шығып, оттың ортасында қалған кейуананы бірнеше құтқарушы аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Көкшетау қаласының Сабатаев көшесінде алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде су жылытқыштың қысқа тұйықталуынан 2 шаршы метр аумақта өрт шықты

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері түтін басқан пәтерден қарт әйелді алып шығып, құтқарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің бастапқы кезеңінде жану «Vario» портативті өрт сөндіру жүйесінің көмегімен сөндірілді. Арнайы техниканың өтуіне жасанды кедергі келтіргені үшін бір автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.