Жаңбыр мен аптап ыстық қатар келеді: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай болжанса, оңтүстік және шығыс аймақтарда аптап ыстық сақталады

Фото: © istockphoto.com

30 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күн құбылмалы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +24…+26 градус.

Алматыда күн құбылмалы. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні күшейеді. Температура түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус.

Шымкентте жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус.

Ақтөбеде күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +18…+20 градус.

Ақтауда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні күшейеді. Температура түнде +18…+20, күндіз +24…+26 градус.

Атырауда түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +25…+27 градус.

Жезқазғанда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Температура түнде +15…+17, күндіз +27…+29 градус.

Қарағандыда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +26…+28 градус.

Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Температура түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.

Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +35…+37 градус.

Қостанайда күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура түнде +12…+14, күндіз +21…+23 градус.

Қызылордада жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Температура түнде +16…+18, күндіз +29…+31 градус.

Павлодарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Температура түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.

Семейде жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.

Талдықорғанда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Температура түнде +18…+20, күндіз +34…+36 градус.

Таразда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Температура түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.

Түркістанда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус.

Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей уақытта нөсер жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Температура түнде +9…+11, күндіз +18…+20 градус.

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус.