Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Грузия премьер-министрін қарсы алды

Автор: Асыл Арман

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір біріне делегация мүшелерін таныстырды

Фото: Ақорда

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір біріне делегация мүшелерін таныстырды.

«Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.