29 маусымға арналған ресми бағам: доллар – 486,47 теңге

Автор: Асыл Арман

KASE-дегі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 485,82 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,29 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 29 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 486,47 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 485,31 теңге, сату бағамы – 487,11 теңге.

Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 483 теңгеден сатып алып, 490 теңгеден сатып жатыр.

Ал Шымкент қаласында доллардың орташа сатып алу бағамы – 485,58 теңге, сату бағамы – 487,60 теңге.