Қазақстанда тегін тексеру кезінде ондаған адамнан қатерлі ісік анықталды

Автор: Асқарова Қарлығаш

287 азаматтан қосымша тексеруді немесе емдеуді қажет ететін басқа да аурулар анықталған

Фото: pixabay.com

Қазақстандағы онкологиялық орталықтарда өткен ашық есік күні барысында 30 адамнан қатерлі ісік анықталды, кейібірінен онкологиялық ауруға күдік тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тексеру барысында тағы 43 адамнан обырға дейінгі өзгерістер, ал 287 азаматтан қосымша тексеруді немесе емдеуді қажет ететін басқа да аурулар анықталған.

Акция қорытындысы бойынша 579 адам онколог мамандардың кеңесін алған. Сонымен қатар 386 диагностикалық зерттеу, оның ішінде 14 төмен дозалы компьютерлік томография  жасалды.

Ашық есік күні республикалық ақпараттық науқан аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – халыққа онкологиялық аурулардың қауіп факторлары, алдын алу жолдары және дертті ерте анықтаудың маңызы туралы ақпарат беру.