Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Павлодар қаласында дүкен тонап, патруль көлігін айдап қашқан мас адам апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, дүкеннен ұрлық жасау және қызметтік автокөлікті айдап әкету фактілері бойынша полиция қылмыстық істер қозғады. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті масаң күйде болған. Ұрлық жасап, автокөлікті айдап әкеткеннен кейін Назарбаев пен ҚазПравда көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасын жасаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – делінген ПД хабарламасында.
Қызметтік автокөліктің айдап әкетілуіне жол берілу фактісі бойынша қызметтік тексеру басталды.